383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулдегі фестивальда төл мәдениетіміз паш етілді

  • 528
  • UPD: 19:49, 14.10.2018

Оңтүстік Корея астанасында Итэвон Глобал виллэдж атты халықаралық мәдени фестиваль өтті.

Шараға отыз сегіз мемлекеттің өкілдері қастысты. Оның қатарында Қазақстан да бар. Елшілік өкілдері, қазақ диаспорасының мүшелері және Кореяда оқып жүрген студенттер төл мәдениетімізді келушілерге кеңінен насихаттады.  

Ағайын термесі халықаралық мәдени фестивалінде орындалған алғашқы қазақ шығармасы. Өйткені Қазақстан жыл сайын өтетін фестивалге алғаш рет қатысып отыр. Шетелдіктер арасында танымал Сеулдың Итэвон ықшам ауданында отыз сегіз елдің өкілдері ән шырқап, би биледі. Қазақ өнерін Корея ұлттық өнер университетінің магистранты Күләш Тоқсанбаева паш етті.    

Күләш Тоқсанбаева, студент:

- Бүгін осы шараға бірнеше мемлекет қатысып отыр. Біз Сеулдегі елшіліктің атынан Қазақстанды таныстыру мақсатында отырмыз. Қөңіл-күйіміз жақсы, ауа-райы да тамаша.

Қазақстан командасының капитаны Динара Қошкарбаева Сеулде сегіз жыл бұрын отбасын құрды. Содан бері ол қазақ ертегілерін корей тіліне аударып жергілікті балабақшалар мен мектептерде қазақ мәдениетінен сабақ береді.

Динара Қошкарбаева, Сеулдегі қазақ қауымдастығының мүшесі:

- Қазақ мәдениетін, дәстүрін мен өзім бәрін көрсетіп, домбыраны көрсетіп отырмын. Домбыраны біз қағаздан да жасап әртүрлі қызық сабақтарды өткізуге жанымызды салып.

Фестивальдегі қазақ шатыры қонақтарға толы болды. Меймандар ұлттық киіммен селфи жасап, қазақ тағамдарының дәмін татты.

Им Дже Сон, Сеул қаласының тұрғыны:

- Мен Қазақстанда КИМЭП-те алты ай оқыдым. Еліңізде Еуропа және Азия мәдениетін байқауға болады. Бүгін жылқы етінің дәмі және Шымбұлақ есіме түсті. Қазақстан үлкен және дамыған ел. Оны Кореяда көп біле бермейді. Сондықтан осындай фестивальдер арқылы көп айту керек.

Қазақстандықтар фестивальда жүлдегер қатарына ілікпеді. Бірақ шарадан кейін Қазақстанға бір турист келсе де, оның өзі үлкен жетістік дейді жерлестер.

Автрлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы