380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Заманауи қазақ прозасы мен поэзиясының антологиялары орыс тіліне аударылады

  • 531
  • UPD: 20:33, 17.10.2018
Заманауи қазақ прозасы мен поэзиясының антологиялары орыс тіліне аударылады

Бұл жинақтарды Мәскеу мемлекеттік университетінің баспаханасы мен Ресей жазушылар одағының Мәскеу қалалық ұйымының қатысуымен басып шығарады.

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссиясы және Жаһандағы заманауи қазақ мәдениеті жобасының серіктестері осындай келісімге келген. Ынтымақтастық туралы меморандумға Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде қол қойылды. Ресей тарапы осы басылымдардың жарнамасы мен сатылуын қамтамасыз етеді. Жаһандағы заманауи қазақ мәдениеті жобасы аясында қазақ әдебиетінің екі томдық жинағы БҰҰ-ының 6 тіліне аударылады Бұл ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдері. Антологиялар мазмұнын Қазақстан жазушылар Одағы бекіткен. 

Владимир Бояринов, Ресей жазушылар одағы Мәскеу бөлімінің басшысы:

- Әлемдік сахнада және орыс тілді оқырмандарға өз елін таныстыратын жазушыларды іріктеу бойынша қазақ тарапы үлкен еңбек атқарды. Осы кітаптарды таныстыратын бірқатар көрме өтеді. Бірақ ең бастысы, ресей әдебиетшілері осы шығармаларды ең жоғары деңгейде аударуы керек. 

Рауан Кенжеханұлы, «Ұлттық аударма бюросының» директоры: 

- Екеуі де осы елдегі ең беделді, тәжірибесі ең мол ұйымдар деп білеміз. Өйткені осы жұмысқа атсалыса алатын ұйымдар арасында үлкен іріктеу жүрді. Сол іріктеу жұмысы аяқталып, қорытындысы шығарылды. Енді осы әріптестерімізбен айтылған жұмысқа кірісеміз.

Хабар 24 телеарнасы