386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайбергеннің Screaming әніне түсірілген бейнебаяны ресейлік арнада топ жарды

  • 777
  • UPD: 16:56, 19.10.2018

Димаш Құдайбергеннің Screaming әніне түсірілген бейнебаяны ресейлік «Муз ТВ» арнасында топ жарды.

Бұл туралы әншінің әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаев Facebook желісіндегі парақшасында жария етті.

«Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕННІҢ орындауындағы Screaming әніне түсірілген бейнебаян Ресейдің «Муз ТВ» телеарнасының «музраскрутка» бағдарламасы арқылы көрермендер арасында жалпы дауыс беру жүйесі бойынша сынға түскен болатын. Бір ай көлемінде интернет арқылы өткізілген жарыс нәтижесі бойынша Димаштың орындауындағы аталмыш ән жалпы есепте 97% дауыс жинап жеңімпаз атанды», - деп жазды продюсер.

Оның айтуынша, сайыстың шартына сәйкес бұл клип енді "Музтв" телеарнасында тегін ротацияға ие болған.

Screaming әніне түсірілген бейнебаян Youtube желісінде биылғы мамырда жарияланып, бүгінге дейін миллионнан аса қаралым жинаған.

Хабар 24 телеарнасы