367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда халықаралық театр фестивалі басталды

  • 166
Талдықорғанда халықаралық театр фестивалі басталды

Талдықорғанда Бикен Римова атындағы облыстық драма театрдың жаңа ғимараты ашылды.

Көрермендер залы 510 адамға лайықталған. Оның салтанатты ашылуы Орталық Азия елдері жетінші халықаралық театр фестивалімен ұштасып, Жетісу жұртының мерейін арттыра түсті. Фестивальға Башқұртстан, Түркия, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінің және республиканың әртүрлі аймақтарынан келген театр ұжымдары қатысады. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналған өнер додасы бір аптаға созылады. Ал жаңа театр ғимаратының сахна шымылдығын  жергілікті театрдың өнерпаздары Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалық қойылымымен ашты.

Асанәлі Әшімов, ҚР Еңбек ері, қазылар алқасының төрағасы:

– Театр – бүгінгі таңда өнердің ең алдыңғы түрі. Театрдың өскендігін актерлардың шеберлігінен көруге болады. Сондықтан бәріңізді театрға шақырамын.

Осы категория бойынша: « Түркістанда Ясауи кесенесін техникалық қолдау бойынша семинар өтті «Жамиғ ат-Тауарих» және «Зикзал» кітаптары қазақ тіліне аударылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы