365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«NurOtan Talks» алаңында отандық мәдениеттің өрісін кеңейту мәселесі талқыланды

  • 213
  • UPD: 23:25, 01.11.2018

Жаһандану замамнындағы қазақстандық мәдениеттің ролі. «NurOtan Talks» еркін ой алаңының кезекті жиыны дәл осы тақырыпқа арналды.

Оған қонақ ретінде осы салада тек елімізге ғана емес, бүкіл әлемге танымал жерлестеріміз шақырылды. Ең алғаш болып сөз алған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев отандық мәдениетті халықаралық деңгейде насихаттаудың маңызына тоқталды. Ұлттық құндылықтарымызды жан-жақты жарнамалау арқылы оған деген көзқарас пен түсінікті өзгертуге болады. Сондықтан партия бұл бағыттағы жұмыстарға ерекше мән беретіндігін атап өтті. Ал еркін ой алаңының өзге спикерлері өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді. 

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Қаламгерлеріміздің туындылары аударылып жатыр. Әртістеріміз әлемдік сахналарда өнерін көрсетіп жүр. Сонымен қатар осы бағыттарда біраз жұмыстарды жасау керектігі де түсінікті. Ең негізгі мәселелердің бірі бүкіл әлемде мойындалатын шығармалардың өмірге келуіне мүмкіндік жасауымыз керек.

Самал Еслямова, актриса:

- Бұл енді әлемге Қазақстанның өнерін әлемге қалай көрсету сол тақырып. Енді осындай шаралар өте маңызды. Сөйлесіп, барлығымен танысып, сұрақтарға жауап беріп, оның көп жолы бар, өте үлкен еңбек. Әрине керек осындай іс-шаралар.

Осы категория бойынша: « «Қаракөз» фильмі отандық кинопрокатқа шықты Қазақ жазушыларының кітаптары Кореяның ұлттық кітапхана қорын толықтырады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы