365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің Президенттік оркестрі Берлин тұрғындарын тәнті етті

  • 99
  • UPD: 15:22, 05.11.2018
Еліміздің Президенттік оркестрі Берлин тұрғындарын тәнті етті

Германия астанасында Berlin Tattoo атты халықаралық әскери-музыкалық фестиваль өтті.

Оған 10 елдің музыканттары қатысты. Онда алғаш рет Қазақстан мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі өнер көрсетті.

Berlin Tattoo – Еуропадағы ең ірі фестивальдердің бірі. Оған қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен 700 музыкант келді. Қазақстан осы шараға алғаш рет қатысып отырғандықтан, көбісі Президенттік оркестріміздің орындауын асыған күткен.

Андреа Де Ерме, продюсер:

- Мен қазақстандық оркестрді алғаш рет дайындықтары барысында көрдім. Еуропалықтар Қазақстан туралы көбірек білуі керек. Оркестріңіз елдеріңіз бен тарихыңыз және дара мәдениетіңізді көрермендерге айрықша әдіспен жеткізе алды. Бұл керемет болды. Билеріңіз бен әндеріңіздің үйлесімі маған өте ұнады.

Талғампаз Берлин қауымына оркестр арнайы бағдарламаны әкелген. Отандық өнерпаздар шетелдіктерді алдымен дәстүрлі музыкамен таныстырды. «Абылай хан», «Ұлы Дала» композицияларын орындады. Қазақ әуендерінен кейін басқа әлемге танымал хиттер де шырқалды.

Президенттік орекстрмен бірге америкалық әнші Кирк Смит өлең айтты. Сондай-ақ Германияның «Людфигсбург» би клубымен орындаған қойылым жұрт назарына ұсынылды.

Шорн, көрермен:

- Шоу өте керемет! Музыкаларыңыз саяхатқа барып келгендей әсер қалдырған. Әуендеріңіз соншалықты серпінді, бір орында отыра алмайсың, ал биші қыздарыңыздан көз айыру мүмкін емес.

Ингет, көрермен:

- Бұл жерде түрлі елдердің топтары өнер көрсетеді. Биші қыздарыңыздың музыкамен үйлескен қимылы және бізге жақсы таныс әндерден халық музыкасына ауысуы керемет болған.

Кристоф, көрермен:

- Қазақстандықтардың орындауы тамаша өтті! Осындайды әлі көрген емеспін. Халық әуендері, қойылымның әсерін күшейтетін көптеген әдістері, өзге де қатысушылар осындай үлгіде өнер көрсетеді деген үміттемін.

Астрид, көрермен:

- Орекстріңіздің орындауы баурап кетті. Киімдері әдемі және хореографиясы да жоғары деңгейде екенін байқадым. Билері маған өте ұнады.

Berlin Tattoo фестивалінде Қазақстанның орны бөлек болды. Оркестріміздің басшысы Талғат Бердіғұлов концерттің бас дирижері  мен көркем жетекшісі етіп таңдалды.

Талғат Бердігұлов, Қазақстан мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің басшысы:

- Осы финалды дайындауға уақытымыз аз болды. Бүкіл әлемнен келген музыканттарды бір ұжымға жинауға тура келді. Көп шығарманы орындадық, әйгілі неміс марштарынан бастадық. Бәріміз де түсінетін ортақ тіліміз бар, бұл – музыка.

Президенттік оркестрдің шоуын жергілікті жұрт ұзақ еске алатыны анық. Қазақстандықтардың гастролі әлі де жалғасады. Олар Франциядағы үлкен музыка фестиваліне де шақырылды.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Осы категория бойынша: « Жібек жолы жайында жаңа мультфильм жарық көрмек Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы