365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі

  • 264
Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі juldyz.kz

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр сахнасының алыбы – Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына орай актрисаның мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ел тарихында тұңғыш рет театр және кино саласы әртісінің атына арнап, ЮНЕСКО көлемінде тойлау, еске алу шаралары өтеді.

Әмина Ерқожақызы өмірінің соңына дейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етті. Көптеген кинофильмдер мен театр қойылымдарындағы талғампаз бейнелері арқылы халық қалаулысына, ел ардағына айналған, Ұлттық өнерімізде есімі ел есінде жатталған Әминә Өмірзақованың туғанына 2019 жылдың 8 наурызында 100 жыл толады.

Актриса Өмірзақова Әмина Ерқожақызының 100 жылдығының ЮНЕСКО көлемінде тойлануы жөніндегі игі бастама – ұлттық өнердің жарық жұлдызы құрметіне жасалған мәңгілік ескерткіш.

Осы категория бойынша: « Еліміздің Президенттік оркестрі Берлин тұрғындарын тәнті етті Одноклассники желісінде Наzиманың жаңа бейнебаяны қаралу саны жөнінен рекорд жасауда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы