367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Одноклассники желісінде Наzиманың жаңа бейнебаяны қаралу саны жөнінен рекорд жасауда

  • 144
  • UPD: 18:31, 05.11.2018
Одноклассники желісінде Наzиманың жаңа бейнебаяны қаралу саны жөнінен рекорд жасауда

«Песни на ТНТ» жобасына қатысып, танымал болған қазақстандық әнші Одноклассники әлеуметтік желісінде ресми парақша ашып, өзінің «Чувство» деген жаңа бейнебаянын жариялады.

Қазіргі кезде видео 20 мыңнан астам қаралым жинады. Назима бұдан былай Одноклассникидегі өзінің парақшасында ең жарқын сәттерімен бөлісіп тұратынын айтты.

Одноклассникидің Қазақстандағы ай сайынғы аудиториясы 2018 жылы 2,5 млн қолданушы болған. Күндізгі аудитория – 1,4 млн.

Александра Павилайнен, Одноклассники әлеуметтік желісінің жұлдыздармен жұмыс бойынша менеджері:

– Одноклассники қолданушылары жұлдыздардың өмірін, әсіресе музыканттарды, олардың парақшасына жазылу арқылы бұрыннан бері бақылай алады. Қазақстаннан шыққан танымал әртістер де табынушыларымен сөйлесу үшін Одноклассникиді таңдайтыны қуантады. Біздің әлеуметтік желінің қолданушылары жұлдыздың жеке контентіне қашан да қызығушылық танытады: класс, эмоция қояды, пікір қалдырады. Назима Жәнібекованың тәжірибесі өзге де қазақстандық селебритилер үшін мотивация болады деп үміттенемін.

Еске сала кетейік әнші Наzима «Песни на ТНТ» шоуының финалында ол дауыс саны бойынша екінші орын алды және шоу нәтижесінде Black Star лейблымен контракт жасаған болатын.

Осы категория бойынша: « Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі Астанада «Шабыт» халықаралық жастар фестивалі басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы