369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Шабыт» халықаралық жастар фестивалі басталды

  • 206
  • UPD: 23:42, 05.11.2018

Елордада ХХІ «Шабыт» халықаралық жастар фестивалі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Талай жүйріктің қолтығын сөгіп, өнер бәйгесінде бағын ашқан бәсеке 5 күнге жалғасады. Үміткерлердің саны 600-ден асады. Олардың арасында 5 аталым бойынша үздіктер анықталмақ. 

«Классикалық музыка», «Халық музыкасы», «Эстрадалық вокал», «Хореография» және «Журналистика». Биыл халықаралық фестиваль осы аталымдар бойынша өтеді. Үміткерлер әрісі Израиль, берісі Ресейден келіп, өз өнерлерін көрсетпек. 600-ден астам қатысушының 400-і – шетелдік. Қазылар алқасы – әлемдік сахнада танылған тұлғалар. Яғни елорда алдағы 5 күн бойы өз еліміз ғана емес, халықаралық деңгейде жастардың мәдени орталығына айналады.

Нарима Мұхамбеталина, қалалық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

– Жастарға үлкен мүмкіндік. Өткен жылы 500-ден астам қатысушы болды. Биыл 600 қатысушы бар.

Фестиваль аталымдарының қатарына журналистика қосылды. Сондай-ақ Шерхан Мұртазаның атындағы арнайы сыйлық бар. Өзге аталымдар бойынша да жастардың жан-жақты танылуына жол ашылды. Мәселен, бишілер жекелей және ұжым болып өнер көрсетеді.

Лимара Ұдасова, қатысушы:

– Алты жылдың ішінде бірінші рет журналистика номинациясы қосылды. Меніңше ол өте дұрыс. Ол да – өнер. Астана туралы 10 деректі фильм түсірдік. Оның біреуі фестивальдің екінші кезеңіне өтті.

Әр аталым бойынша бас жүлде иегерлеріне 350 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Бірінші, екінші және үшінші орын алғандарға да қомақты қаражат ұсынылады.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Ержан Қанапияұлы

Осы категория бойынша: « Одноклассники желісінде Наzиманың жаңа бейнебаяны қаралу саны жөнінен рекорд жасауда Алматыда жапондық скрипкашы Саяка Сёдзи өнер көрсетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы