369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жапондық скрипкашы Саяка Сёдзи өнер көрсетті

  • 133
  • UPD: 09:54, 06.11.2018

Алматылық көрермендер Құрманғазы атындағы консерваторияның үлкен концерт залында жапондық скрипкашы Саяка Сёдзидің өнерін тамашалады.

Халықаралық «Жапон күзі» өнер фестивалі аясында өткен музыка кешінде Сёдзи Қазақстан Республикасы академиялық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен композитор Брамс, Чайковскийдің шығармаларын орындады. 14 жасында-ақ  Жапон музыка әлемінде танымал болып үлгерген музыканттың қазақ жеріне бұл бірінші рет келуі. Әлемге танымал Ашкенази, Дютуа, Заваллиш, Марринер сынды дирижерлармен өнер көрсетіп жүрген Саяка Сёдзи атақты Паганини конкурсында жеңімпаз болған алғашқы жапондық өнерпаз.

Айта кету керек, музыка кешінде Саяка, Антонио Страдиваридің «Рекамье» скрипкасымен өнер көрсетті. 3 ғасырлық тарихы бар бұл аспап бір кездері Наполеон Бонапартқа тиесілі болған.

Саяка Сёдзи, скрипкашы \Жапония\:

- Бұл расында бірегей аспап. Наполеон бұл скрипканы сүйіктілерінің біріне сыйға берген. 15 жыл бойы менің музыкамен айналысуыма  қолдау көрсеткен меценат, өзінің коллекциясындағы осы скрипкамен өнер көрсетуіме мүмкіндік берді.

Музыка кешінде сондай-ақ танымал пианст, «Құрмет» орденінің иегері Тимур Урманчеевтің жетекшілігіндегі Қазақстанның мемлекеттік триосы да өнер көрсетті.

Осы категория бойынша: « Астанада «Шабыт» халықаралық жастар фестивалі басталды Елордада ХХ республикалық әскери әндер байқауы өтіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы