365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада ХХ республикалық әскери әндер байқауы өтіп жатыр

  • 143
  • UPD: 23:37, 06.11.2018

«Жас Ұлан» республикалық мектебі ұйытқы болған фестиваль 2 күнге жалғасады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Ал жеңімпаз топтар мен би ұжымдары апта соңында өтетін гала-концертке қатысады.

Дәстүрлі шараға айналған фестивальге биыл 20 жыл толды. Мерейтойға орайластырылған байқауда айбынды әскерімізден, мектеп-интернаттары мен патриоттық клубтардан 400-ге жуық қатысушылар өз өнерін көрермен назарына ұсынып келеді. Шара Елбасы – Қарулы күштеріміздің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп жатыр.

Қайрат Жүнісов, қазылар тобының мүшесі:

- Бұл фестиваль биыл біздің әсем қала Астанамыздың 20 жылдығына арналған. Қазақстанның барлық аймағынан қатысушылар бар. Тек әскерилер ғана емес, бұл жерде патриоттық клубтар бар. Қазақстанның барлық аймағында оларды дамытып жатырмыз. Соған жас балалар келіп қатысып жатыр. Кадет корпусынан, әскери институттардан келіп қатысып жатыр. Сондықтан да жыл сайын біздің фестивальдің аумағы дамып жатыр.

Әділ қазылар тобы қатысушылардың вокалына, орындаушылық және актерлік шеберліктеріне, сондай-ақ сахнада өзін ұстауы бойынша бағалайды. Олардың қарауына 130 нөмір ұсынылмақ. Қатысушылар дайындаған ән мен би қойылымдарын тарихи, заманауи және ұлттық құндылық жанрлары арқылы паш етіп жатыр. «Осы уақыт ішінде бірқатар талант иесі «Жас Ұлан» фестивалі арқылы үлкен сахнаға да жолдама алды», – дейді ұйымдастырушылар.

Сұлтан Тастанбек, «Жас Ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушісі:

- Біздің фестивальге қатысу мақсатымыз – жеңу. Бізде хор, би және таныстыру бар. Фестиваль біріктіру мақсатында және басқа мектептер арасында өзара бәсекелестікті арттыру үшін ұйымдастырылған деп ойлаймын.

Еске салайық, көрермендермен қатар қатысушылардың өздеріне де рухани азық берер игі шара апта соңында қорытындыланады. Ал гала-концерт Қарулы күштеріміздің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтеді.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ғани Алшынбаев

Осы категория бойынша: « Алматыда жапондық скрипкашы Саяка Сёдзи өнер көрсетті Алматыда Т.Жүргеновтің 120 жылдығына арналған фестиваль аяқталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы