365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Т.Жүргеновтің 120 жылдығына арналған фестиваль аяқталды

  • 106
Алматыда Т.Жүргеновтің 120 жылдығына арналған фестиваль аяқталды

Талдықорғанда өткен Орталық Азия елдерінің жетінші халықаралық театр фестивалі мәреге жетті.

Оған Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Башқұртстан елдері мен Қазақстанның өзінен бірнеше театр ұжымдары қатысқан болатын. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналған өнер додасы бір аптаға созылды. Жетісулық көрермендер Талдықорғанда ашылған жаңа театрдың сахнасынан тарихи, драмалық және комедиялық жанрдағы қойылымдарды қызыға тамашалады. Фестивальде жеке әртістер мен театр ұжымдары үшін жиырмаға жуық аталым бойынша жүлде тағайындалса, соның барлығы өз иелеріне тапсырылып, өнерпаздардың мерейін өсірді. Ал бас жүлдені алматылық «Театр – 28» ұжымы жеңіп алды.

Азамат Сатыбалды, актер:

– Бұл – біздің бір жылдағы спектакльдің жетінші премиясы. Қазақстанда бірде бір спектакль мұндай жетістікке жетпеген. Бір жылда 7 премия алмаған.

Талғат Теменов, ҚР халық артисі, қазылар алқасының мүшесі:

– Біріншіден, бұл – өнер мерекесі, өнер мерекесінде үлкен ғимарат салынды. Уақыт өтер, кетер, осы ғимарат еліміздің архитектурасында, мәдениеттің архитектурасында інжу маржандарының қатарына қосылады.

Осы категория бойынша: « Елордада ХХ республикалық әскери әндер байқауы өтіп жатыр «Шыңғыс ханның қызы XXI ғасырда» комедиясы кинотеатрларда көрерменге жол тартады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы