365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Шыңғыс ханның қызы XXI ғасырда» комедиясы кинотеатрларда көрерменге жол тартады

  • 247
  • UPD: 00:08, 08.11.2018

Экранға кезекті отандық картина жол тартады. «Шыңғыс ханның қызы XXI ғасырда» атты фильм есімі тарихта алтын әріппен жазылған Ұлы қолбасшының ерке қызы туралы баяндайды.

Бүгін елордада жабық тұсаукесері өткен комедия желісі бойынша сонау 13-ғасыр мен 21-ғасыр арасындағы адами құндылықтар таразы басына қойылады. Әкесінің әскери жорығына қатысудан жалыққан бойжеткен жер жаһанды саяхаттап, мәдени тұрғыда жаңғырғысы келеді. Басты кейіпкерді сомдаған жас актриса Ақниет Орынтайдың айтуынша, фильм сондай-ақ нағыз қазақ қыздарына тән нәзіктікпен қатар ер мінезділікті дәріптейді.

Ақниет Орынтай, актриса:

- Мен оны қазақтың батыр қызы қылып сомдадым. Солай алдым. Өз көзіммен көруімше, режиссердің көмегі тиді, маған айтқан ойы болды. Соның бәрі осы кейіпкерде ұштасады. Тік мінезді иә, әрине кішкене еркелеу, бізде әкелеріміз еркелетіп өсіреді ғо қазақта, сонысы бар, жан сұлулығы, тән сұлулығы бар. Келешек ұрпаққа жақсы тәрбие береді деген ой бар бұл фильмде.

Осы категория бойынша: « Алматыда Т.Жүргеновтің 120 жылдығына арналған фестиваль аяқталды Астанада ақын Файзолла Сатыбалдыұлының мұрасы түгенделіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы