371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада ақын Файзолла Сатыбалдыұлының мұрасы түгенделіп жатыр

  • 99
  • UPD: 15:47, 08.11.2018
Астанада ақын Файзолла Сатыбалдыұлының мұрасы түгенделіп жатыр

Алаштың тағы бір аймаңдай ақыны қаймана қазағымен қауышты.

Еліміздің белді тарихшылары мен тіл мамандары Файзолла Сатыбалдыұлының мұрасын кеңінен зерттей бастады. Олар туғанына ғасырдан асқан қайраткердің еңбектерін жинақтап, бірнеше томдық кітапқа енгізуді жоспарлап отыр. Алаш арыстарымен иін тірестіріп, ақ заманның орнауына атсалысқан ақынның өлеңдері ат төбеліндей елге тегіс тараған. Бірақ кейбір жырлары қаз-қалпында сақталмай, бүгінге бұрмаланып жетіпті. Сондықтан әдебиет зерттеушілері ақынның мол мұрасын мұқият зерделеуді көздеп отыр. Діндар мұрасына Түркия мен Украина елдерінің ғалымдары да қатты қызыққан көрінеді. Олар тіпті Файзолла еңбектерін өз тілдеріне тәржімалауға ниет танытқан екен. 

Дихан Қамзабекұлы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, профессор:

- Файзолланың еңбегін қарай отырып, оның табылған, жоғалған еңбектерінің арасын салыстырған кезде, бұл кісіні республикалық және халықаралық деңгейде насихаттауымыз қажет болып отыр. Сонымен бірге Түркияда әбу-Ханифа бағытын зерттейтін орталықтар бар. Олар бұл кісінің мұрасын халықаралық деңгейде зерттеуге ниетті. Қазақстанның имамдары, қарилары мен ишандары қандай деңгейде болды деген үрдеріс жүріп жатыр.

Осы категория бойынша: « «Шыңғыс ханның қызы XXI ғасырда» комедиясы кинотеатрларда көрерменге жол тартады «ТҮРКСОЙ» ұйымының құрылғанына 25 жыл толды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы