365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана Опера» Генуяда өнер көрсетті

  • 70
  • UPD: 23:02, 10.11.2018

Әртістер алыдмен көше бойында «Абай» операсынан үзінді орындап, жұртшылықты таңырқатты.

Бұл  «Абай» операсының Италиядағы тұсаукесеріне жұрттың назарын аударуғ арналған шара еді. Астана Опера «Карло Феличе» театрындағы гастролін осы атақты қойылыммен бастады. Қазақ операсының жауһарларын көрсету үшін Генуяға 300-ден астам маман барды. 

Алан Бөрібаев, «Астана Опера» театрының бас дирижері:

- Мұхтар Әуезовтың ұлы шығармасын музыка тілімен жеткізуге тырыстық. Екінші жағынан, бұл қойылым Қазақстанның рухани байлығын көрсеткен жолдауымыз болған.

«Карло Феличе» театры 19-ғасырда салынған. Өнер ордасы екінші дүниежүілік соғыстан кейін жабылып, ұзақ уақыт жөндеуден өтті. Бүгінде театрдың үлкен залына  екі мың көрермен еркін сияды. Бұл сахнада әлемнің талай танымал тұлғалары өнер көрсеткен.

Джузеппе Акуавива, «Carlo Felici» театрының арт-директоры:

- «Абай» операсына келетін болсақ, бұл репертуарымыздағы ең зор қойылым деп ойлаймын. Ол қазақ халқының дәстүрін көрсетеді. Генуя тұрғындары үшін тап осы спектакльді көру қызық болады деп санаймын. Билеттердің дерлігі сатылып кеткенін білемін, мұнда бүкіл Италиядан адамдар келеді. 

Жергілікті көрермен қойылымның мағынасын түсіну үшін арнайы субтитрлер дайындалған. Жалпы бұл қойылым әлемнің 40 елінде көрсетіледі.

Мими Коста, көрермен:

- Бұл ғажап қойылым. Сценографиясы, кейіпкерлері, киімдері, айрықша дауыстары таңқалдырды. Біз көз үйретіп, тыңдап жүргендерімізден бөлек. Сахнада болып жатқан оқиға да  өзінше ерекше.

Қазақстандық театрдың гастролі мұнымен шектелмейді. Жақында өнер ұжымы Италия жұртын Бетховенның әйгілі «Нөмір тоғызыншы сифониясымен қуантпақ.

Авторлары: Малика Назарова, Нұрсұлтан Заманбеков

Осы категория бойынша: « Атырауда Ирак Елекеевтің шығармашылық кеші өтті Шортанбай жыраудың туғанына 200 жыл толды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы