365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шортанбай жыраудың туғанына 200 жыл толды

  • 87
  • UPD: 08:06, 11.11.2018
Шортанбай жыраудың туғанына 200 жыл толды

ХІХ ғасырда Ресей отаршылдық саясатына қарсы шығып, қазақтың мүддесін қорғаған аузы дуалы ақын, абыз Шортанбай жыраудың туғанына биыл – 200 жыл.

Осыған орай Қарағанды облысының Шет ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қайраткердің ескерткіші күрделі жөнделіп, маңайы абаттандырылды. Оған жергілікті қазынадан 4 миллион теңге қаржы бөлінген. «Енді аудандық музейге көрнекті ақынның есімі берілсе, нұр үстіне нұр болар еді», – дейді Шортанбай жыраудың мұраларын зерттеуші, жазушы Кәмел Жүністегі. Қазір мұражайда қайраткер мінген пәуеске, ол пайдаланған су диірмен, басқа да құнды дүниелер сақтаулы.

Кәмел Жүністегі, жазушы, қоғам қайраткері:

- Көп дүниелері әлі зерттелуде, әлі іздесе табылады. Шортанбайдың екі кітабын шығардым. Енді қарасаңыз, қазір тағы мәселелер туып жатыр. Қошмұхамбек Кемеңгеровтің жазбалары қолыма түсті. Жұрттың арасында сөздері көп екен, біраз өлеңдерін тағы тауып алдым. Енді қайтадан шығартса болар еді. Ендігі үлкен мәселе, жергілікті музей 18 жыл Шортанбайдың атында тұрды. Содан соң аты алынып қалды. Алып тастаған бас жоқ, көз жоқ. Енді соны қайтадан қалпына келтірейік десек, бір үлкен проблема болып тұр.

Осы категория бойынша: « «Астана Опера» Генуяда өнер көрсетті Британия халқы қазақ өнерімен және әдеби шығармаларымен танысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы