371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында «Абай ауылға келді» жобасы жүзеге асырылып жатыр

  • 134
  • UPD: 15:19, 12.11.2018
Павлодар облысында «Абай ауылға келді» жобасы жүзеге асырылып жатыр

Павлодар облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Абай ауылға келді» жобасы жүзеге асырылуда.

Мәдени шаралар аясында Ертіс өңірінің танымал жыршысы, абайтанушы Даниял Асанов ауыл-ауылды аралап, Абайдың өсиеттеріннен дәріптемек. Азаматтың өнеріне тәнті болғандардың қатарында Май ауданының тұрғындары бар. Моноспектакль бір сағатқа жуық созылды. Алдағы уақытта ол облыстың ондаған ауылының тұрғындарымен кездесіп, Абайдың шығармаларын халыққа жақыннан таныстырмақ. Жоба авторы - халық ауыз әдебиетін насихаттайтын жалғыз жыршы. Оның шығармашылық қоржынында 100-ден астам жыр-дастан, ақын-жазушылардың өлеңдері бар.

Даниял Асанов, жыршы, абайтанушы:

- Ойлайтыным, шіркін-ай, менің өзімнің көзім жетті, Түркияда болдым, Омбы облыстарында болдым, сондағы біздің қазақ қандастарымыз қалай аңсап отырады. Шіркін-ай, қазақтың бұрынғы дастандары, Абайдың сөздері, Шәкәрімнің сөздері соны естісем деп аңсап отырады. Соларға жетсем ғой. Қайта жаңғыру деген болған дүниені қайтадан істеу. Абай сөзін халыққа жеткізгім келеді.

Осы категория бойынша: « Қарағандыдағы есту қабілеті нашар жандарға арналған театрға 30 жыл толды Ақтөбелік оқушы қыз Димаш Құдайбергеннің Лондонда өтетін концертіне қатысады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы