386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Опера» Италиядағы гастрольдік сапарын аяқтады

  • 389
  • UPD: 23:09, 12.11.2018
«Астана Опера» Италиядағы гастрольдік сапарын аяқтады

Генуяның «Карло Феличе» театрында ине шаншар жер жоқ.

«Астана Операның» Италиядағы гастролі осылай өтті. Қазақстандық опера әртістері Людвиг Ван Бетховеннің тоғызыншы симфониясын орындап, жаһан жұртын бейбітшілікте өмір сүруге үндеді. Жалпы, тоғызыншы симфония – маэстроның сүйікті шығармаларының бірі. Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Жаннат Бақтай, Дина Хамзина, Нұрлан Бекмұхаметов және Талғат Мұсабаев музыкалық туындыны әнге қосып әуелетті. Айта кетерлігі, бұл «Астана Операның» Италиядағы алғашқы сапары емес. Генуялықтар қазақстандық әртістердің өнерін бұған дейін де тамашалап, тәнті болған. Сөйтіп алда тағы бір концерт беруге шақырған. «Бұл Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени байланыстың нығая түскенінің белгісі», – дейді опера басшылығы. 

Алан Бөрібаев, «Астана Опера» опера және балет театрының бас дирижері:

- Біз Бетховеннің достықты паш ететін туындысын ала келдік. Бұл туындының мән-мағынасы терең. Ол – әлемді келісім мен ынтымақтастыққа үндейтін тамаша шығарма.

Хабар 24 телеарнасы