371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2018 жылдың үздік фильмі анықталды

  • 99
  • UPD: 10:45, 13.11.2018
2018 жылдың үздік фильмі анықталды inform.kz

Америкада жыл сайын өтетін People's Choice Awards сыйлығының «2018 жылдың үздік фильмі» аталымында көрермендер Marvel студиясы шығарған «Кек алушылар: Шексіздік соғысы» фильміне дауыс берді.

Бұл туралы Enews порталына сілтеме жасап, Қазақпарат хабарлайды.

Сыйлықтың өзге де аталымдарының үздіктері анықталды. Көрермен қалауы бойынша, Джеймс Фоулидің «Еркіндіктің елу реңкі» картинасы - үздік драма, режиссер Сузанна Фогельдің «Мені лақтырған тыңшы» фильмі - үздік комедия, «Суперотбасы 2» мультфильмі - үздік отбасылық фильм атанды.

Киносүйер қауым «Қара пантера» фильмінің бас кейіпкері Чедвик Боузманды үздік актер деп таныса, Скарлетт Йоханссонды биылдың үздік актрисасы ретінде мойындады.

Осы категория бойынша: « «Астана Опера» Италиядағы гастрольдік сапарын аяқтады «Нәзір жүрген жол» экспедициясы Өзбекстаннан басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы