371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Нәзір жүрген жол» экспедициясы Өзбекстаннан басталды

  • 132
  • UPD: 14:55, 13.11.2018
«Нәзір жүрген жол» экспедициясы Өзбекстаннан басталды

Қазақтың тұңғыш кәсіби дипломаты Нәзір Төреқұловтың өмір жолын зерттеуге арналған «Нәзір жүрген жол» экспедициясы Өзбекстаннан басталды, деп хабарлады «Хабар 24».

Танымдық жоба мүшелері алдымен мемлекет және қоғам қайраткерінің балалық шағы өткен Қоқан қаласында болды. Онда дипломаттың өскен ауылы мен оқыған білім ұяларына бас сұқты. Ғылыми-тарихи-танымдық экспедиция мүшелері Нәзір Төреқұловтың немере інісі Ілярмен жолығып, тың деректер алыпты. Қазақстандық делегация мүшелері Өзбестандағы Нәзіртанушы ғалымдармен қауышып, өзара пікір алмасқан. Экспедиция мүшелері тіпті ташкенттік жастармен кездесіп, оларға дипломаттың өмір жолы жайыл айтып берді.

Әбдіжапар Сапарбаев, «Нәзір Төреқұлов» қорының басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Екі елдің Нәзіртанушы ғалымдары бірлесе отырып, мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың қызметі, өмірі жөніндегі ақпараттарды жинастыра отырып, оны зерттеп «Нәзір және біздер» деген үлкен қолжазбалы ғылыми монография шығармақ. Негізгі мақсатымыз – кейінгі ұрпаққа алаш тұлғасын насихаттау.

Бердібек Юсупов, студент:

– Қазақтың тұңғыш дипломаты Нәзір Төреқұловтың өмірі мен атқарған қызметі және шығармашылық мұрасынан үлкен тың деректер алдық. Сол деректердің негізінде біз болашақтағы ғылыми жұмыстарымызда Нәзір Төреқұловтың әдебиет саласындағы атқарған қызметін зерттеуді мақсат етіп қойып отырмыз.

Осы категория бойынша: « 2018 жылдың үздік фильмі анықталды Шымкентте «Бауырлас ел» деректі фильмінің тұсаукесері өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы