369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің концерті өтті

  • 79
  • UPD: 14:16, 15.11.2018

Ақтөбеде ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің мерекелік концерті өтті.

Халықаралық сахнада танымал өнерпаздардың орындауындағы шығармаларды тамашалауға жүздеген көрермен жиналды. Облыс орталығында өткен жылы ашылған мәдениет орнында мұндай көлемдегі шара алғаш рет өіп отыр. Түрлі әлемдік додаларда топ жарып, үздік орындаушылар қатарынан табылып жүрген оркестр еліміз бойынша кезекті гастрольдік сапарына шыққан. Концерт бағдарламасы да жаңартылып, көптеген тың туындылар орындалды.

Жандос Мұхтаров, ҚР Президенттік оркестрі халықтық музыка ансамблінің жетекші солисі:

- Бұл концертте осы Ақтөбеге арнайы шығарылып, жазылып алып келген шығармалар орындалады. Және де ол концерттің ерекшелігі бұл жерде халық аспаптар ансамблі, камералық ансамбль, духовой оркестр бар, солисттер бар. Барлығы біріккен оркестр болып концерт береміз.

Осы категория бойынша: « Шымкентте «Бауырлас ел» деректі фильмінің тұсаукесері өтті Анкарада Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының көрмесі ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы