369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Берлинде еліміздің мәдениет орталығы ашылды

  • 215
  • UPD: 08:34, 18.11.2018

Берлин мемлекеттік кітапханасында Қазақстан мәдениеті мен әдебиетінің орталығы ашылды.

Отандық авторлардың кітаптары орыс және ағылшын тілдеріне аударылған. Бұл жоба еліміздің мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Кітапхананың негізі 1661 жылы қаланған. Мұнда 10 миллионнан астам кітап бар. Енді олардың қатары 200-ге жуық қазақстандық шығармамен толықты. Жергілікті халық Абай Құнанбаев, Сәкен Сейфуллин, Әбіш Кекілбаев және Немат Келімбетовтың шығармаларымен таныса алады. Сонымен қатар кітапхана қорына еліміздің мәдениеті, салт-дәстүрі мен тарихы туралы кітаптар енгізіледі.

Үмітхан Мұңалбаева, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры:

- Мұндай орталық 25 елде бар. Осылайша басқа мемлекеттермен тығыз байланыс орнатып жатырмыз.  Жергілікті халық әдебиет арқылы қазақтың тарихын, болмысын түсіне алады.  

Берлиндегі отандық әдебиет пен мәдениет орталығының ашылуына еліміздің зиялы қауым өкілдері де келді. Жазушылар мен ақындар болса, шығармаларын мекеме қорына табыстады. Дәл осы күні белгілі қазақстандық драматург Баянғали Әлімжановтың үш бірдей жинағы және Сәуле Досжанның «Мое чужое сердце» кітабының неміс тіліндегі нұсқасының таныстырылымы болды.

Сәуле Досжан жазушы, журналист:

- 2013 жылы 8 тамызда ҚР тұнғыш рет жүрек алмастыру операциясы жасалды. Ол операцияны жасаған Юрий Владимирович Пя. Бұл оқиға біздің Қазақстан медицинасының қаншалықты дәрежеге көтерілген жетістігін байқатады. Тәуелсіз ел болғалы ең үлкен жетістіктерімізді көрсетеді. Сондықтан бұл ақпарат ретінде қалып қоймасын деп көркем шығарма етіп соны жазуға мен тырыстым. Бұл кітабым, еңбегім бағаланып ағылшын тілінде шығып жатыр, орыс тілінде шықты, міне неміс тілінде шықты. Енді корей тіліне аударылып жатыр.  

Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасы мен Берлин кітапханасы ынтымақтастық шекарасын нығайтуды көздеп отыр. Қос тарап меморандумға қол қойып, өзара тәжірибе алмасып, қазақстандық әдебиетті Еуропаға кеңінен таныстыруды қолға алмақ. 

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Осы категория бойынша: « Павлодарлық өнерпаздар әлемдік хиттерді көне аспаптармен орындады Димашты жанкүйерлері Лондонда ыстық ықыласпен қарсы алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы