371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Димашты жанкүйерлері Лондонда ыстық ықыласпен қарсы алды

  • 143
  • UPD: 09:44, 18.11.2018
Димашты жанкүйерлері Лондонда ыстық ықыласпен қарсы алды © instagram/thepearlofdimash

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді Лондондағы Хитроу әуежайындағылар музыкамен және ду қол шапалақпен қарсы алды.

Орындаушының тыңдармандары Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан шығарып салған болатын, олар әншіге алдағы концерттің сәтті өтуін тіледі.


Ұлыбритания астанасында Димашты шамамен 100 адам қарсы алды - оның тыңдармандары әлемнің түрлі елінен барған. Шотланд волынкасының үнімен әншінің тыңдармандары оны есік алдында күтіп тұрған, Димашқа сыйлықтар мен гүлдерін табыс етті. Жүздері эмоция мен қуанышқа толы тыңдармандар әншімен суретке түсіп әңгімелесті.


Дүйсенбі 19 қарашада Димаш Құдайберген Лондондағы «Indigo at the O2» концерт залының сахнасында өнер көрсетеді. Концерттік бағдарламаға баршаның сүйікті хиттері мен жаңа композициялар енген. 

DQ шоуы Қазақстанның Ұлыбританиядағы мәдениет күні аясында өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне барлық билеттің сатылып кеткені хабарланған еді. Димаш Құдайбергеннің концертінде аншлаг болады деп болжанып отыр.

Tengrinews.kz

Осы категория бойынша: « Берлинде еліміздің мәдениет орталығы ашылды Димаштың Лондондағы концерті Астана уақытымен нешеде басталады? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы