371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев: Біздің жерімізде материалдық мəдениеттің көптеген дүниелері пайда болған

  • 184
  • UPD: 10:20, 21.11.2018
Н.Назарбаев: Біздің жерімізде материалдық мəдениеттің көптеген дүниелері пайда болған

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» бөлімінде әлемдегі материалдық мәдениеттің біздің жерімізде пайда болғанын атап айтты. 

«Біздің жеріміз материалдық мəдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің əр түкпірінде əлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси жəне экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді» делінген Елбасы мақаласында.

Мақаланың толық мәтінін сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы «Архив-2025» бағдарламасын жасауды ұсынды Ұлы Жібек жолының сауда мен мәдениетке әсері зерттеуді қажет етеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы