371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлы Жібек жолының сауда мен мәдениетке әсері зерттеуді қажет етеді

  • 885
  • UPD: 10:28, 21.11.2018
Ұлы Жібек жолының сауда мен мәдениетке әсері зерттеуді қажет етеді

Ұлы Жібек жолының Орта ғасыр мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстардың дамуына әсері жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Бұл іске қазақстандық ғалымдар мен археологтар білек сЫбана кірісіп кеткен. Себебі ел тарихының ақтаңдақ жерлері әлі де аз емес. Осы олқылықтың орнын толтыру - олардың басты мақсаты.

Ұлы Жібек жолы бірнеше мыңжылдық бойы Еуразия құрлығының күретамыры болды. Бірақ теңіз жолдары ашылған соң жағдай түбегейлі өзгерді. Шығыс пен батыс арасындағы байланыс құрлықпен емес, алып айдын кемелері арқылы өрбіді. Тарихшылардың топшылауынша, Қазақстандағы ортағасырлық қалалар алдымен соғыстың салдарынан күйресе, кейін сауда керуендерінің азаюынан қаңырап бос қалған. Археологиялық зерттеулер бұл шаһарлардың жүк ауыстырып-тиейтін бекет қана емес, тұтас адамзат баласының өркениет ошағы болғанын айғақтайды. 

Жамбыл Артықбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Екінші жол ғылыми әдебиетте меридианалды жол дейміз. Бұл жолды ата-бабаларымыз одан да әрі дәуірлерде игерді. Бұл тіршілік жолы деп есептеледі. Қысқы қонысы сырда болды. Жаз жайлау Арқаның бойында болды. Жылқылар жүріп отырды. Міне біздің Түркістан сияқты қалалардың тарихы тым терең.

Қазақ даласында орта ғасырда салынған зәулім сарайлар мен кесенелер және монша кешендері көп. Осыдан-ақ, сол заманғы сәулетшілердің қарым-қабілеті қаншалықты зор болғанын аңғарамыз. Медицина, ғылым, мәдениет салаларының да қарқынды дамығанына сан түрлі қолжазбалар дәлел. Бұл дегеніміз ата-бабаларымыздың талантты құрылысшы, саясаткер әрі философ болғанын білдіреді. Сол заман қазақтары сауда-саттық саласында да ешкімнен кем түспеген. 

Жамбыл Артықбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Қазақ хандығының дәуірінде де Ұлы Жібек жолында үлкен қозғалыстар болып жатты. Мәселен, Сығанақ қаласы. Бұл қалада тек қана базар күндері келген кеткендерге арнап 500 түйені кебабқа сояды дейді. Содан бір жапырақ ет қалмайды дейді.

Шығыстан батысқа қарай тауардың түр-түрі тасымалданған керуен жолдары тек саяхатшылар үшін ғана қызықты емес. Ежелгі дешті қыпшақ даласын мекен еткен тарихи түп-тамыры бір мемлекеттер ұлы Жібек жолын жаңғыртып, өзара алыс-берісті молайтуға кірісіп кетті. Еліміз алғашқылардың бірі болып көліктік инфрақұрылымын сан түрлі бағытта дамытып, Еуразия құрлығының байырғы күретамырына қайта қан жүгіртті. 

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Индира Тегжанова, Асхат Каракойшиев

Осы категория бойынша: « Н.Назарбаев: Біздің жерімізде материалдық мəдениеттің көптеген дүниелері пайда болған Н.Назарбаев: «Ұлы дала» атты ежелгі өнер жəне технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы