369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев: «Ұлы дала» атты ежелгі өнер жəне технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар

  • 333
  • UPD: 11:48, 21.11.2018
Н.Назарбаев: «Ұлы дала» атты ежелгі өнер жəне технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар Уикипедия

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Ұлы дала» атты ежелгі өнер жəне технологиялар музейін ашуды ұсынды.

Оған озық өнер мен технология үлгілерін – аң стилінде жасалған бұйымдарды, «Алтын адамның» жарақтарын, жылқыны қолға үйрету, металлургияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сайман дайындау үдерісін көрсететін заттарды жəне басқа да жəдігерлерді жинақтауға болатынын айтты.

«Ұлы дала» атты ежелгі өнер жəне технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар. Оған озық өнер мен технология үлгілерін – аң стилінде жасалған бұйымдарды, «Алтын адамның» жарақтарын, жылқыны қолға үйрету, металлургияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сайман дайындау үдерісін көрсететін заттарды жəне басқа да жəдігерлерді жинақтауға болады. Онда Қазақстан жерінен табылған құнды археологиялық ескерткіштер мен археологиялық кешендердің экспозициялары қойылады. Бұл заттар тарихи дəуірлердің қандай да бір кезеңіндегі əртүрлі шаруашылық салаларының даму үдерісін көрсетеді.

Сонымен қатар «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құрып, соның негізінде Астанада жəне Қазақстанның өзге де өңірлерінде ежелгі сақтар, ғұндар, ұлы түркі қағандарының дəуірі жəне басқа да тақырыптар бойынша фестивальдар өткізуге болады. Бұған қызығушылық білдірген адамдарды тарта отырып, осы тақырыптар аясындағы жұмыстарды бір мезгілде жүргізуге болады.

Ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын – үйлері мен көшелерін, қоғамдық орындарын, су құбырларын, қала қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына келтіретін туристік жоба да қызықты болмақ.

Осының негізінде білімді дəріптеуге жəне туризмді дамытуға баса мəн берілуі қажет», - деді Елбасы.

Елбасы мақаласының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар

Осы категория бойынша: « Ұлы Жібек жолының сауда мен мәдениетке әсері зерттеуді қажет етеді Н.Назарбаев: Қазақстан тарихының үздіксіз дамуын көрсететін туындылар түсіру қажет »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы