371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Намазалы Омашев: Тарихты кино және телевизия тілімен жеткізу керек

  • 208
  • UPD: 23:42, 21.11.2018

Қазіргі жастар тарихты қағаз бетінен гөрі телевизия мен кино арқылы жақсы қабылдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті институтының директоры Намазалы Омашев осындай пікірін білдірді. Айта кетейік, Елбасы «Ұлы даланың 7 қыры» атты мақаласында Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу қажеттілігін атап өтті. «Бұл бастама жастардың өткенге деген қызығушылығын арттыруы тиіс», – деп есептейді Намазалы Омашев.

Намазалы Омашев, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры:

- Жастарды отаншылдық бағытта тәрбиелеуге өте көмегі тиеді. Тарихты кино арқылы, телевизиялық өнер арқылы насихаттау, кеңінен тарату. Жастар интернетке, телевизиялық бағдарламаларға ден қояды ғой. Архивті оқуы, томдарды оқуы қиындау. Бұл еліміздің келешегі үшін, жастары үшін таптырмайтын нәрсе.

Осы категория бойынша: « Н.Назарбаев: «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек Елбасы мақаласы жазушыларға жауапкершілік жүктейді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы