371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы мақаласы жазушыларға жауапкершілік жүктейді

  • 182
  • UPD: 23:42, 21.11.2018
Елбасы мақаласы жазушыларға жауапкершілік жүктейді The Qazaq Times

Елбасы мақаласы отандық тарихшылармен қатар жазушыларға да біраз жауапкершілік жүктейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені ондағы міндеттерді орындау үшін аса сапалы әрі нақты дәйектерге негізделген еңбектер жазылуы керек. Бұл жөнінде Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет мәлімдеді. Ел зиялылары арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, мақаладағы әрбір тетікті жеке-жеке талқылады. Оның ішінде тарихи сананы жаңғырту үшін және әлемнің бізге деген көзқарасын өзгерту үшін қандай шаралар атқарылу керектігі айтылды.

Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:

- Бұрын қолымыз жетпей, қолымыз жетсе де өзіміздікі екені мойындалмай келген дүниелерді осы мақала игеруге, меншіктенуге, үйренуге, келешек ұрпаққа қандай ұлт екенімізді дәлелдеуге жол ашып отыр. Өткенді білу келешек үшін маңызды.

Осы категория бойынша: « Намазалы Омашев: Тарихты кино және телевизия тілімен жеткізу керек «Хабар» телеарнасы «Шашу» комедиялық телехикаясын ұсынады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы