371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы «Алтайтану» орталығында музей-зертхана ашылуда

  • 102
  • UPD: 09:50, 22.11.2018

Алтай мен Алтын адам. Бұл ұлттық тарихымыздағы ең айшықты орын алатын тұстардың бірі. Оған дәлел – Алтай өңірінде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде табылған заттар.

Қотанқарағайдағы Берел жазығынан және Зайсандағы Шілікті қорғандарынан алтын адамдармен бірге шыққан дүниелердің бәрі де аң стилінде. Бұл – сақ дәуіріндегі өркениеттің қаншалықты жоғары деңгейде болғанының дәлелі. Президент «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында осы тарихты ғылыми айналымға түсіріп, әлемге паш етудің жолдарын ұсынды. Ол үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасы жасалмақ. Ал Шығыс Қазақстан облысындағы археолог-ғалымдар бұл жұмыстарды нақты жүзеге асыруды бастады. Сәрсен Аманжолов атындағы университетте «Алтайтану» орталығының ғалымдары музей-зертхана ашып жатыр. Ол жерде археологиялық жұмыстар нәтижесінде табылған жәдігерлер зерттеледі. Ол жәдігерлерді тарих факультетінің студенттері дәріс кезінде көзбен көріп, қолмен ұстап көре алады.

Елдос Қариев, «Алтайтану» орталығының  жетекші ғылыми қызметкері:

– Бұл заттар университеттің қазба жұмыстары барысында табылған. Ғылыми айналымға түсіреміз. Жалпыға ортақ қыламыз. Бұл мұражай жабық емес. Бізде апта сайын кәсіби бағыттар жүреді. Облыс мектептерінен оқушылар келеді.

Осы категория бойынша: « Ж. Мәлібеков: Озық мәдениет үлгілерін қазіргі сәулет өнерінде тиімді қолдана білуіміз тиіс Әлемнің 27 елінде қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы бар »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы