375,95 426.6 5.7
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемнің 27 елінде қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы бар

  • 283
Әлемнің 27 елінде қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы бар

Енді әлемнің 27 елінде қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталықтары бар.

Соңғы екеуі халықаралық форум аясында Корея мен Германияда ашылды. Бұл жөнінде Астанада өткен арнайы баспасөз мәслихатында белгілі болды. Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет атты шара төңірегінде арнайы делегация бірнеше елге барып, жергілікті зиялы қауыммен кездесті. Өзара әріптестік мәселелерін талқылады. Сонымен қатар қазақстандық ақын-жазушылар кітаптарының тұсаукесерін ұйымдастырды. Енді дәл осындай форумды Ұлыбритания мен Америкада өткізу жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы