371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

С. Назарбек: Ұлы даланың жеті қыры – ұлы тұлғаларымызды дәріптеу

  • 283
  • UPD: 12:22, 22.11.2018

Маңғыстаулық сәулетші, абайтанушы ғалым Сайын Назарбек ұлы дала тұлғаларының галереясын жасауды Абайдан бастау керек деп санайды.

Елбасының мақаласын оқып шыққан ол ұлтымыздың ойшылдарын, ақындары мен ел билеген ұлы тұлғаларын насихаттау арқылы әлемге қазақтың кемеңгер халық болғанын танытамыз дейді. Қазір облыстағы 134 мектепте Абайдың даналығын дәріптейтін үйірме жұмыс істеп жатыр. Оқушылар Абайдың шығармаларын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жатқа айтады. Ал Шахмардан Есенов атындағы университетте «Абай әлеміне саяхат» клубы құрылды. Клубтың мақсаты – жас ұрпақтың ұлттық рухын Абай шығармалары арқылы қалыптастырып, отанын сүйетін патриот ұл мен қыз тәрбиелеу. Абайдың шығармалары арқылы ұрпақты тәрбиелеу ісі республика деңгейінде жүзеге аспақ. Алдағы жылдан бастап Ақмола, Атырау облыстары мен Семейдегі мектептерде «Абай әлеміне саяхат» клубы жұмысын бастайды. 

Сайын Назарбек, «Абай әлеміне саяхат» клубының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы:

– Мәдени мұра, рухани жаңғыру, Ұлы даланың жеті қыры. барлығын біріктіріп қараған уақытта, біз мыңдаған жылғы қазақ тарихын бүгінгі заманға, ертеңгі егеменді еліміздің бір қабырғасын ұстап тұратындай дәрежеге жетеміз. Оған жету үшін, сезіну үшін біз қалай да жастарымызды, батыстық тәрбие емес, өзіміздің ұлттық тәрбиемізге бейімдеуіміз керек.

Осы категория бойынша: « «Ботай» қонысын зерттеу жұмыстары жалғасын таппақ «Ботай» қонысы қаншалықты насихатталып жүр? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы