371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ботай» қонысы қаншалықты насихатталып жүр?

  • 121
  • UPD: 11:44, 22.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Ботай» қонысы төрткүл дүниеге дала өркениетінің бастауы ретінде белгілі.

Бұл – жабайы жылқының жүгенделіп, асаудың алғаш ауыздықталған аймағы.

Сәуле Мәлікова, облыстық мемлекеттік мұрағаттың директоры:

– «Ботай» қонысында алғашқы ғылыми түрде археологиялық қазба жұмыстарының басталуы 1980 жылы басталды. Онда Виктор Федорович Зайберттің басқаруымен студенттер қазба жұмыстарына атсалысып, бірге қатысқан болатынмын. Алғашқы жылдары көптеген еңбек құралы, оның ішінде қырғыштар, найзаның ұштары, көптеген сүйектен жасалған зат табылған болатын. Және де қыш ыдыстарының қалдықтары табылды. Алғашқы жылдары жүздеген, мыңдаған жылқының сүйегі табылған. Одан кейінгі жылдары «Ботай» қонысына нақты бағасын беріп жатырмыз. Өткен жылда біз «Ботай» қонысын жалпыұлттық киелі жерлердің картасына енгіздік. Себебі ғылыми зерттеулердің нәтижесін бұл біздің еліміздің ғалымдары ғана емес, сонымен бірге шетелдердің ғалымдары зерттей отырып, бір тұжырымға келді. Сол тұжырым негізінде біздің Қазақстанда, Қазақстанның солтүстік өңірінде жылқы малын адамзат бірінші рет қолға үйретілгені ғылыми түрде дәлелденді. Ол кезде жылқылар жабайы еді. Бірақ біздің табылған заттарды қарай отырсақ, ауыздық салынған екен. Ауыздықтың элементтері тастан және сүйекті қолдана отырып жасалған. Мен оны түгелімен қолдаймын. Жастардың, әсіресе түрлі ауруларға шалдыққан балақайлардың осы жылқы малына жақын болып, спорт өнері түрінде пайдалануы оларға көп пайдасын береді. Ал енді ботайлықтар ертедегі ата-бабаларымыз, сол себептен олардың сол бастамасын қазақ халқы 15-ғасырларда жалғастырды. 15 ғасырда ұлы далада қазақ хандығын құрды. Сол хандықты құрып, өз деңгейінде басқаруға салт атты жауынгерлеріміздің үлесі өте зор болды.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Twitter@91Aidarbek

– «Ботай» қонысы «Қазақстанның киелі жерлері» картасына енді. Биыл тұрақты зерттеуге Ұлыбританияның ғалымдары да келді. Археологтардың айтуынша, жердің асты әлі де тұнып тұрған тарих.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Осы категория бойынша: « С. Назарбек: Ұлы даланың жеті қыры – ұлы тұлғаларымызды дәріптеу Тарихшылар: «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жәдігерлерімізді қастерлеуге серпін бермек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы