386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында қазба жұмыстары жанданады

  • 1088
  • UPD: 16:13, 22.11.2018

Ақмола облысының археологтары алдағы жылы Зеренді ауданының аумағындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеуге кіріспек.

Себебі аталған өңірдегі 150-ден астам тарихи нысанның жартысына жуығы әлі күнге дейін зерттелмеген. Ал Кеңөткел қорымының өзінен мамандар соңғы жылдары қола дәуіріне тиесілі әшекей бұйымдар мен бағалы ыдыс-аяқтарды тауып жүр. Онан соң Ерейментау өңірі де зерттелмек. Өйткені ол маңайда орта ғасырға тән құнды жәдігерлер сақталуы мүмкін. «Ал Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бұл жұмыстардың барлығына серпін берері сөзсіз», – дейді ғалымдар. Жалпы Ақмола облысында қазір 1700-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш бар болса, олардың 976-сы – археологиялық ескерткіштер.

Берік Сапанов, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры:

– Осы жылы және былтыр Кеңөткел аумағындағы Зеренді ауданында қазба жұмыстары жүргізілді. Ол жерден жәдігерлер – қыш құмыралар және сол жердегі өмір сүрген адамдардың қолданылған заттары, әйел бұйымдарынан алтын білезік табылған. Ата-бабаларымыздың мәдениетті меңгергендігін, тұрмыстық ахуалын, мәдениетіміздің биік деңгейде екенін көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы