371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Шашу» телехикаясы «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартады

  • 245
  • UPD: 23:06, 22.11.2018

Алматыда «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша түсірілген «Шашу» телехикаясының алдын ала көрсетілімі өтті.

Отбасылық құндылықтар мен қаймағы бұзылмаған қазақы ауыл өмірін суреттейтін телесериал 32 бөлімнен тұрады.

Алматы төріндегі кинозалдардың бірінде бүгін аншлаг. Көрермендер сүйікті актерлерімен қауышып, суретке түсіп мәре-сәре. Шашудың актерлік құрамында Әлихан Ыдырешева, Қуандық Шәкіржанов, Гүлшат Тұтова сынды танымал актерлермен, болашағынан үміт артар Есжан Хамидуллин, Әйгерім Уәлжанова секілді жастар бар.

Кинотуындының идеясы мен  сценарий авторы Жәмит Көшербаев, қоюшы режиссері Ернат Байұзақ, продюсері Толқын Сейдоллақызы. 

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Көпшілік көрерменге жол тартайын деп отырған Шашу комедиялық сериалының маңызы ерекше. Өйткені бұл жерде дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, отбасыдағы қарым-қатынасты бүгінгі заманда болып жатқан процесстермен салыстырып режиссер жеткізуге тырысты.

Телехикаяның сценарийі бойынша негізгі кейіпкерлер Арман мен Аида шетелде оқып жүргенде танысады. Сол жақта отбасын құрады. Ұлды болады. 10 жыл АҚШ-та тұрса да Ұлболсын, Ұлдана, Ұлтудан кейін өмірге келген Арманның елге қайтар ойы жоқ. Ал Науат апа болса «қара шаңырақтың иесі келеді» деп қыздарының қолына бармайды. Күндердің-күнінде Науат апа қыздары мен күйеу балаларын шақыртып, «шетелдіктерді» елге қайтарып, осында алып қалудың қамына кіріседі.

Әлихан Ыдырышева, актриса:

- Қазақтың салт-дәстүрлері бар. Соны жаңағы жастар үйренсін, көрсін, білсін деген ниетпенен көрсетілген. Өйткені, өзіміз ауылда өстік қазақтың салт-дәстүрін әбден бойымызға сіңіріп өскен апа-әжелердің қатарынанбыз.

Шашу комедия жанрында түсірілген. Бірақ, көрерменді күлдіріп отырып, терең ойға жетелейді. «Таңғы 4-тен кешкі 9-ға дейін түсірілім алаңында жұмыс істеген актерлер де кейіпкерлердің шынайы шығуына барымызды салдық» дейді.  

Қуандық Шәкіржанов, актер:

- Кез келген актер бірінші сценариймен танысу керек. Білу керек. Сол оқиғаның ішіне кіру керек та, содан кейін ойнаса барлығы да алып шығады.

Науат апаның жоспары іске аса ма? Шетелден келген қонақтар ауылда тұрақтап қала ма? Әлде мұхит асып өздері үйренісіп қалған орталарына қайтып кете ме? Ол жағы хикая соңында белгілі болады. «Шашу» Хабар арнасынан 26 қарашадан бастап, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 18:45-те көрсетіледі.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Эдуард Кон

Осы категория бойынша: « ҚР Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті Ертіс өңірінде көне технологияларды зерттеу орталығы ашылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы