369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарайшық ашық аспан астындағы музей-қорыққа айналады

  • 86
  • UPD: 10:18, 23.11.2018

Елбасының мақаласы мұнайлы өңір зиялыларының көп жылғы ойларын жарыққа шығарғандай болды.

Тасын түртсе, тарих боп сөйлей жөнелетін қойнауы шежіре мен сырға толы еліміздің батыс өңірінде зерттелмеген қорғандар мен көне қала орындары жеткілікті. Солардың бірі 13-15 ғасырларда салтанат құрған қазақ хандығының астанасы болған хан ордалы Сарайшық қаласы. Ал басты жаңалық, Сарайшық музейіне республикалық мәртебе берілді. Ендігі жерде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын деп аталатын болады.

Көне Сарайшық қаласы талай сырды бүгіп жатқаны ақиқат. Иә, бүгінде «Сарайшық қаласының аумағы кешенді зерттеуді қажет етеді. Себебі, 15-ғасырда бұл арада Қасым хан қазақ хандығының іргесін қалаған. Сарайшық Ұлы Жібек жолы бойындағы кіндік қала болғандықтан, Оңтүстік Азия мемлекеттерінің Еуропамен байланысын нығайтқан. Сол заманның өзінде Сарайшықта қолөнер дамып, тұрғындар су құбырын пайдаланғаны анықталды. Жуырда ғана республикалық мәртебе алған тарихи-мәдени музей-қорығында енді кешенді жұмыстар қолға алынбақ.

Әбілсейіт Мұқтар, республикалық «Сарайшық» тарихи-мәдени музей қорығының директоры, т.ғ.д профессор:

- Күшіміз толықтай жетеді. Өйткені мемлекеттік мекеменің штаты көбейтілді. Бұған қосымша алдағы жоспарымыз бойынша мұрағаттардан және Ресейден Сарайшыққа қатысты құжаттарды алдырту ойымызда бар. Бұған қосымша 2019 жылы  «Сарайшық-Сарай Бату» экспедициясын қолға алғымыз келеді. Бұл арқылы Ұлы Жібек жолындағы қасиетті адами қарым-қатынастарды дамытамыз деген ойдамыз.

Осы категория бойынша: « Ертіс өңірінде көне технологияларды зерттеу орталығы ашылады Сарапшы: Президент мақаласы ғылыми дәлел мен дәйектерге негізделген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы