377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Президент мақаласы ғылыми дәлел мен дәйектерге негізделген

  • 256
  • UPD: 08:12, 23.11.2018
Сарапшы: Президент мақаласы ғылыми дәлел мен дәйектерге негізделген

Қазақстандық археолог-ғалымдар осылай дейді.

Мәселен, көне металл өңдеу технологиясын зерттеп жүрген ғалымдар ерте қола дәуірінің өзінде-ақ қазіргі Қазақстан аумағында кен өндіру, металл балқыту және ұсталық өнердің жақсы дамығанын айтады. Ежелгі қалалардың орнынан табылған жәдігерлер металлургияның Ұлы дала аумағында Еуразия құрылғының өзге өңірлерімен салыстырғанда әлдеқашан ерте дамығанын дәлелдеген.

Антонина Ермолаева, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының аға ғылыми қызметкері:

- Мысалы, шахта іспеттес пештерді алайық. Бір жарым, екі метр тереңдікте салынған. Ауа өтетін өте күрделі жүйесі бар. Және көлденең жасалған ұзын мұржасы бар. Осы пештерде сульфитті кен өндірілгені дәлелденді. Яғни көне заманның дайын комбинаты. Бұл қазіргі заманғы шахталық пештің түп-тамыры. Бұл – қазақстандық металлургтердің ашқан жаңалығы. Мұндай мәліметтерді айшықтап, насихаттаған абзал. Олар сол уақытта жоғары технологиялы металлургияны меңгерген адамдар еді.

Хабар 24 телеарнасы