371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тарихшы: Құнды құжаттар зерттеледі

  • 94
  • UPD: 17:08, 23.11.2018

Елбасы мақаласында айтылған ауқымды жұмыстар тарихымызды түгендеп, оны жалпақ әлемге жариялауға мол мүмкіндік береді.

Қарағанды тарихшылары осындай пайымда. Әсіресе «Архив 2025» жобасы сыр бүгіп жатқан қаншама құнды құжаттарды зерттеуге жол ашпақ. Әрі бұл – ғалымдарымызға Ұлы даланың өркениетін, оның даму кезеңін тереңінен талдауға таптырмас мүмкіндік.

Нұрсахан Бейсенбекова, тарихшы, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері

- Біздің арғы ата-бабаларымыз нені білген? Біріншіден, үй салуды білген. Екіншіден, өзінің саяси мемлекеттік құрылысы болған. Үшіншіден, көрші мемлекеттермен геополитикалық саясат жүргізе білген. Осының барлығының жиынтығын Президент әлемге таныту үшін осы мақаланы жазды деп ойлаймын. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасын бір түйінге келтіретін, мәдени мұра бағдарламасын бір түйінге келтіретін бұл мақала концептуалды мақала деп есептейміз.

Осы категория бойынша: « Британдық БАҚ өкілдері Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына тәнті болды Ежелгі Сарайшық қаласы туралы фильм түсіріледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы