369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ежелгі Сарайшық қаласы туралы фильм түсіріледі

  • 91
Ежелгі Сарайшық қаласы туралы фильм түсіріледі

Жеті хан жерленген, киелі ордаға айналған Сарайшық қаласы жайлы әлі де жазылуға, айтылуға, көрсетілуге тиісті дүниелер назардан тыс қалмауы тиіс.

Сарайшықтың тарихына үңілу үшін кино түсірген жөн. Атырауда бас қосқан тарихшылар мен өлкетанушы ғалымдар Елбасы мақаласы негізінде жаңа жобаларды жүзеге асыру керек дегенді алға тартады. 

Абат Кенжеғалиев, ҚР мәдениет қайраткері:

- Сарайшық жөнінде кино көрсетіледі деп жатыр. Сарайшық киносын түсіретін адамдар және онда ойнайтын бүтіндей әртістердің барлығы да біздің мына ұлттық тарихымызды, ұлттық салт-дәстүрімізді, ұлттық санамызды білетін біздің ұлттың өзінің ішінде қайнап піскен адамдары болуы керек.

Жұмабай Доспанов, тарихшы:

- Соның ішінде мен де тарихшы ретінде өзіме жақсы қабылдағаным мынау архивтар жөнінде болды. Осыған дейін біздің республикамызда архивтерге көп көңіл бөлінген жоқ еді.

Осы категория бойынша: « Тарихшы: Құнды құжаттар зерттеледі Елбасы мақаласы түркі тілдеріне аударылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы