369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Сарысу өңірінің музыкалық мұрасы» атты жинақтың тұсауы кесілді

  • 129
  • UPD: 18:38, 25.11.2018

Елордадағы «Отырар» кітапханасында «Сарысу өңірінің музыкалық мұрасы» атты CD жинақтың тұсауы кесілді.

8 дискіден тұратын музыкалық топтамаға Жамбыл облысы Сарысу ауданынан шыққан атақты композиторлар мен өңірдің әнші, күйшілерінің шығармалары еніп отыр. Жинақтың алғашқы бөлігі дәулескер күйші Ықылас Дүкенұлының мұраларына арналған. Сонымен қатар «Сарысу күйшілерінің» орындауындағы Сүгірдің шығармалары да еніпті. Осы өңірдің тумасы, аты алашқа мәлім Илья Жақанов пен Тынышбай Рахым әндері де жыр жинаққа топтастырылған. Біртуар әншілер Амангелді Сембин мен Сәуле Жанпейісованың орындауындағы өлеңдер де CD дискіде бар. Іс-шараға атақты күйші Ықылас Дүкенұлының ұрпақтары да қатысып, баба мұрасын жалғастырушы Ақнар Шәріпбаева Ықыластың «Қорқыт», «Қасқырдың ұлуы» атты күйлерін көпшілікке тарту етті.

Жеңіс Тоғызақбаев, жоба демеушісі:

- Ықылас атамыздан бастап, қазірге дейінгі композитор ақындардың жинағын шығардық. Мақсаты келешек өсіп келе жатқан ұрпаққа мәдени мұра ретінде ұсынып жатқан жағдайымыз бар.

Ақнар Шәріпбаева, Ықылас Дүкенұлының ұрпағы:

- Осы «Сарысу өңірінің музыкалық мұрасы» сандық жинағымыз қобызшыларға да музыканттарға да өнертанушыларға да жалпы өнерсүйер қауымға да қазақ өнерінің жанашырларына да үлкен мұра.

Осы категория бойынша: « «Хабар» Агенттігі Еуропалық хабар тарату одағының толыққанды мүшесі атануы мүмкін Аксель Гуталс: Ғұндар Еуропадағы өркениеттің дамуына әсер еткен »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы