389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да тарихтан сыр шертетін музей ашылды

  • 704
  • UPD: 13:21, 26.11.2018

Сақ дәуірінің мәдениеті Алтайдан бастау алады.

Сондықтан бұл жердің бүкіл адамзат өркениетінің дамуында ерекше үлесі бар. Оған осы Алтай өңірінде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде табылған заттар дәлел. Президент «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көне тарихты ғылыми айналымға түсіріп, көпшіліктің көшпенділер өркениетімен танысуын тапсырған. Ол үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасы жасалатын болды. Осы орайда Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Алтайтану» орталығында археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттардан музей ашылды.

Алтай мен Алтын адам бұл егіз ұғым іспеттес. Сондықтан да бұл өлкені зерттеу өте ерте басталды. Ал еліміз егемендік алған соң отандық тарихшылар мен археологтарымыз бүкіл адамзат өркениетінде Алтайдың алар орны ерекше екенін көрсетті.

Қотанқарағайдағы Берел жазғы мен Зайсандағы Шілікті және Тарбағатайдағы Елеке сазындағы қорғандардан табылған жәдігерлер.  Көшпенділердің көне мәдениетінен сыр шертетін бұл қорғандар әлі де зерттеледі.

Ал университетте бүгінгі ашылған музей-зертхана әсіресе тарих саласындағы мамандары үшін ерекше сый болды. Университеттің оқытушылары мен студенттері қатысқан археологиялық зерттеулер кезінде табылған заттарды осы зетханада зерттеп, алғашқы ғылыми айналымға түседі.

Көбісі сақ дәуірі кезіндегі қорғандардан табылған жәдігерлер. Сондықтан барлығы да аң стилінде. Бүгінге дейін зерттелген қорғандардың бірде-біреуі жай қорым емес екені анықталды. Мүрдені жерлеу кезінде арқар, тауешкі, бұғы мен марал бейнесіндегі құйма алтындар шыққан. Осыған қарап ғыламдар сақ бекзадалары деген тоқтам жасап келеді.

Авторы: Олжас Керейхан

Хабар 24 телеарнасы