369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Тұңғыш Президент күніне орай көшпелі көрме ашылды

  • 155
  • UPD: 16:24, 26.11.2018

Елорда жастары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолымен етене жақын танысуға мүмкіндік алды.

Бүгін Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұйымдастырумен көшпелі экскурсиялық жоба басталды. Көпшілік назарына Елбасының ерен еңбегі мен жаһандық бастамалары үшін берілген қоғамдық наградалар кешені ұсынылған. Сондай-ақ экспозицияда Еуропа, Америка және Азия елдерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелері тарту еткен 25 мантия қойылған. Бұдан бөлек, студенттер Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаз идеялары және бірегей бастамалары туралы баяндалған арнайы деректі фильмдерді тамашалай алады.

Ерлан Сыдықов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры:

- Көрме ұшан-теңіз. Оның бәрін алып келу мүмкін емес. Біз бұл жерде осы университетке Елбасының қандай үлесі, негізін қалай қалады, осылардың барлығы қостық. Содан кейін ғылым мен білім саласында атқарған жұмысына орай тарихи дүниелерді жастарға көрсетіп жатырмыз.

Асхат Налшыбек, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты:

- Елбасымыздың қолданған заттарының барлығы осы университеттің Күлтегін атриумында қойылып, оны қазір 20 мың студентпен бірге аралап, көріп, тарихымен танысып отырмыз. Келесі жылды Елбасымыз Жастар жылы деп бекер айтпаған. Сол себепті қазіргі уақытта, Елбасымыз айтқандай, бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман.

Осы категория бойынша: « ШҚО-да тарихтан сыр шертетін музей ашылды Данэлия Тулешова елге оралды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы