369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Касич: Н.Назарбаев мақаласы баянды болашақ құрудың нақты жолдарын көрсетеді

  • 129
  • UPD: 23:34, 27.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының ақпараттық-танымдық маңызы зор.

Бұл – украиналық профессор әрі экономика ғылымдарының докторы Алла Касичтің пікірі. Сарапшы: «төл тарих пен ұлттық құндылық арқылы рухани жаңғыру жолдарын ұсынған Президент «іргесі берік ірі ел» құруға тамаша талпыныс жасады», – дейді.

Алла Касич, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

- Мақала мен үшін ақпараттық-танымдық сипатқа ие, өйткені ол нақты жоспар арқылы халықтың тарихын терең зерделеуге бағытталған. Қазақстан аумағында табылған «Алтын адам», байтақ жерде мекендеген мемлекеттің алтынды игеру мәдениеті мен технологиясының баяғы заманнан дамығанын көрсетеді. «Ұлы Жібек жолы» өткен ғасырлардағы көлік инфрақұрылымының өте шебер құрылғанын айғақтайды. Қазақстандағы металлургияның өткен және бүгінгі даму үрдісі де мемлекет үшін маңызды бағыт деп есептеймін. Демек мақала негізгі ұлттық құндылықтарды бағалау арқылы баянды болашақ құрудың нақты жолдарын көрсетеді.

Осы категория бойынша: « Данэлия Тулешова елге оралды «Аз и Я» кітабы қырғыз тілінде жарық көрді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы