371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ дизайнері қазақстандықтардың мәнеріне сүйсінді

  • 116
  • UPD: 23:55, 27.11.2018

Қазақстанға келген америкалық туристердің көбі қалаларымыздың сәулетіне таңданып, тұрғындарымыздың талғамы жоғары деп бағалайды екен.

Нью-Йоркте тұратын дизайнер Марселла Равелл жазда Астана мен Алматыда болған. Ол: «қазақстандықтардың өзге елдерде сирек кездесетін өзіндік мәнері бар әрі мінез-құлқы ерекше», – дейді.

Марселла Равелл, дизайнер:

- Кезінде балет бишісі, ал қазір дизайнер ретінде әлемнің көптеген елінде болғанмын. Алайда сіздің аймақтарыңызға барып көрген емеспін. Елдеріңізде көзге ерекше түсетін осыншама адамды көремін деп күтпеп едім. Қазақстандықтар ашық жүзді, мәнері де керемет, киімдері де жарасымды, өзін жақсы күтетінін түрінен көруге болады. Жылы шырайларыңыз мені таңқалдырды. Ғажап өнеріңіз бен тамаша сәулетіңізге сүйсіндім.

Осы категория бойынша: « «Аз и Я» кітабы қырғыз тілінде жарық көрді Астанада экспериментальді кино көрсетіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы