369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада экспериментальді кино көрсетіледі

  • 210
  • UPD: 23:12, 27.11.2018
Астанада экспериментальді кино көрсетіледі

28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында елордада қысқаметражды студенттік фильмдер фестивалі өтеді.

 Көрсетілімге барлық қала тұрғындары мен қонақтары шақырылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Энтузиаст суретшілер тобы ұйымдастырған үш күндік фестиваль «Мәскеу» бизнес-орталығында өтеді. Бағдарламада 23 фильм бар. «Астаналықтарға жастар киносы қызықты деген ойдамыз. Ертең осы жастардың біреуі үлкен экранға шығып кетер. Кім білген?! Оларға  қазір қолдау керек. Ең әсерлі деген фильмдердің өзі де көрермен үшін түсіріледі ғой», – дейді көрмені ұйымдастырушылар.

Фестиваль күндері: 28 қараша, басталуы сағат 19:00-де; 29 қараша – 18:00-де; 30 қараша – 18:00-де; 1 желтоқсан – 18:00-де.

Осы категория бойынша: « АҚШ дизайнері қазақстандықтардың мәнеріне сүйсінді Астанада Тұңғыш Президент күніне арналған концерт өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы