369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Тұңғыш Президент күніне арналған концерт өтті

  • 333
  • UPD: 16:47, 28.11.2018
Астанада Тұңғыш Президент күніне арналған концерт өтті

Астанадағы «Жастар» сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күнін тойлауға арналған «Азаттық – ұлттың ары, Елбасы – елдiң бағы» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мереке қарсаңында еліміздің барлық облыстарында ғылыми конференциялар, мәдени және спорттық шаралар өтуде.

«Жастар» театрында Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының актерлері Керей мен Жәнібек хандарының тұсындағы кезеңнен Алаш Ордаға дейінгі мемлекеттің құрылу тарихын, Тәуелсіз Қазақстанның құрылу тарихын еске салды. Театралды қойылымның арқасында тарихи кезеңдер сахнада жанданып, ал актерлердің кәсіби ойыны мен киімдері сол кезеңдердің атмосферасын жеткізді.

Концертте «Шалқыма» би ансамблі көрермендерді ұлттық «Шашу» биімен қуантты. Ақындар мен композиторлар Ұлт көшбасшысының жолы мен оның жетістіктері туралы жазылған туындыларын паш етті.

Осы категория бойынша: « Астанада экспериментальді кино көрсетіледі Б.Сапарбаев: Ақтөбеде Димаштың үлкен концерті өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы