369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сеулдың музейіне «Алтын адам» экспонаты қойылды

  • 286
  • UPD: 23:51, 28.11.2018

Сеулге Қазақстаннан құны миллион доллар тұратын экспонаттар жеткізілді. Оңтүстік Кореяның бас музейінде тұңғыш рет «Ұлы дала мұрасы: Зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі ашылды.

Сеулде Қазақстанның алғашқы мәдени көрмесін ұйымдастыруға шамамен бір жыл уақыт қажет болды. «Алтын адамды» алып келу өтініші Оңтүстік Кореяның Ұлттық музей басшылығынан түсті. Ұлы Дала нышанымен  бірге мұнда тағы төрт жүз елу жеті ежелгі жәдігер жеткізілді.

Мұндай құнды жүкті тасымалдау үшін неміс авиакомпаниясының арнайы ұшағы және қарулы күзет қажет болды. Көрмеге арналған жарнама тіпті Сеул метросында да орналастырылған. Салтанатты ашылуы рәсіміне «Сазген Сазы» фольклорлық ансамблі қатысты. Әртістер Абайдың әуенімен бірге ең танымал «Ариран» корей халық әнін  орындады.

Владислав Цой, Twitter@Vladislav_Tsoy:

- Ұйымдастырушылар көрмені есте қаларлықтай етіп жасауға тырысқан. Тарихқа қызығатындар үшін корей тіліне аударылған кітаптар бар. Оқушылар мұнда«Алтын адам» мен қазақ ою-өрнектерімен бейнеленген файлдарды табады. Саяхатшылар үшін тоңазытқышқа жабыстыратын магниттер және жүкке ілетін биркалар бар. Ал мына интерактивтік тақтаны корейлік дизайнерлер мен айти мамандары жасаған. Ақ суреттерге қол тигізсеңіз, олар түрлі түсті болып қимылдайды. Мына суретте қазақтың қонақжайлылығы, Алтыбақан, қымыз дайындау, бие сауу көрсетіледі. Ежелгі уақытта қазақ даласында аттың қолға үйретілуі осыдан бастау алған болар.

Оңтүстік Кореяда «Алтын адамға» қызығушылық өте жоғары. Өйткені, Кёнджу  қаласының ежелгі қабірлерінде оған ұқсас әшекейлер табылған. Сонымен бірге корейлердің ата-бабалары Корея түбегіне Алтайдан келген деген пікір бар.

Пе Ги Дон, Корея Республикасы ұлттық музей директоры:

- Қазақстанның мақтанышы мен символына айналған алтын адаммен таныстыруға мүмкіндік беру үшін Қазақстан Республикасының Президентіне, Мәдениет министріне және Ұлттық музейіне алғысымызды білдіреміз. Көрмеге келіп Корея азаматтары Қазақстан мәдениетін біліп, Корея және Қазақстанның алтын мәдениеті арасындағы байланыстарды табады және еуразиядағы көшпелі мәдениетімен танысады.

Ким Дже Хон, Кунмин университетінің профессоры:

- Мен Қазақстанды басқаша елестеттім,  бірақ көрмеге келіп қазақ мәдениеті көрнекті болған деген қорытындыға келдім. Әсіресе алтын адамға таң қалдым. Кенджу музейінде ұсынылған 5-ғасырда Силла дәуіріндегі ұқсас экспонаттар бар. Сондықтан ежелгі уақытта Корея мен Қазақстан жерінде жақын мәдениеттері болғанын сезіндім. Мәдениеттердің ұқсастығы елдерімізді біріктіреді деп ойлаймын.

Сеулдегі көрме мемлекет басшысының «Ұлы даласының жеті қыры» атты мақаласының жариялануымен бірге өз жұмысын бастады. Сондықтан Қазақстан музей қызметкерлері корей әріптестерімен бірге Президент тапсырмаларын орындауға келісті.

Абай Сатубалдин, ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары:

- Жақын арада біз музейлік жұмыстары саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоямыз. Бұл меморандумда Қазақстан музей қызметкерлері үшін көрмелер, тәжірибе, семинарлар ұйымдастыру, сондай-ақ музей ісін дамыту, археологиялық ескерткіштерді зерттеу қарастырылған.

Оңтүстік кореялықтар Алтын адамды келесі жылдың ақпанының соңына дейн тамашалай алады.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Осы категория бойынша: « Б.Сапарбаев: Ақтөбеде Димаштың үлкен концерті өтеді «Қорқыт Ата» эпосы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы