Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«АЛЖИР» мұражайы құнды жәдігерлерімен жұмысын қайта бастады

  • 115
  • UPD: 12:40, 29.11.2018
«АЛЖИР» мұражайы құнды жәдігерлерімен жұмысын қайта бастады

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені көрме залдарының жаңартылған экспозицияларымен өз жұмысын қайта бастады.

Мұражай қоры қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтарымен берілген, сондай-ақ зерттеу іс-сапарлары барысында Қазақстан қалалары бойынша және ТМД елдерінен жиналған, бұрын қойылмаған бірегей жәдігерлерімен толықтырылды.

Жаңа материалдардың ішінде Шевченко Валентинаның анасы - «АЛЖИР» тұтқыны Мариам Анцистің сөзінен жасалған 1938-1946 жылдары лагерінің жоспары, «АЛЖИР» тұтқындары - Мадина Айсаринаның, Рәзия Мендешеваның, Айша Қабылованың, Хадича Хакимованың, Нина Төреқұлованың, Кира Берсеньеваның, Роза Цыпкинаның, Сима Вайнштейнның, Ента Лихтенштейнның, София Зильбербергтің, София Несмеянованың, Евгения Опеньконың (Цой), Ирэна Столярскаяның және т.б. фотосуреттері ұсынылады.

«АЛЖИР» лагері тұтқындарының жеке заттары: Ғалия Гайсинаға тиесілі «Зингер» тігін машинасы, Мадина Айсаринаның жүннен тоқылған күртесі, 1946 жылы Мариам Анцистің альбомға жапсырылған «АЛЖИР» лагерінде жасалған кесте үлгілері, ХХ ғасырдың 30-40 жж. май шайқағыш және т. б. ерекше құндылықа ие.

Мұражайға келушілер өз бетінше «АЛЖИР» лагерінің тұтқындары мен олардың отбасылары туралы ақпаратпен «АЛЖИР» залында орнатылған интернетке қосылған сенсорлық басқару панелі бар 3 мультимедиялық экран көмегімен таныса алады. Сонымен қатар «АЛЖИР» залы дыбыстық сүйемелдеумен жабдықталған. Атап айтқанда, тігін цехында тігін машинасының жұмыс дыбысы, барак пен түрме камерасында әйел мен баланың жылаған дауыстарын қосу және өшіру автоматты датчигі бар.

Осы категория бойынша: « Оралда сирек кітаптар көрмесі өтті «Нұрсұлтан Назарбаев. Алтын ғасыр» кітабының тұсаукесері өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы