377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Нұрсұлтан Назарбаев. Алтын ғасыр» кітабының тұсаукесері өтті

  • 380
  • UPD: 16:30, 29.11.2018

Мәжіліс қабырғасында «Нұрсұлтан Назарбаев. Алтын ғасыр» атты кітаптың таныстырылымы өтті.

Шығарманы халық қалаулысы, мемлекет және қоғам қайраткері Бақытбек Смағұлов жазған. Туындының тұсаукесері еліміздің Тұңғыш Президенті күні қарсаңына ұйымдастырылып отыр. Игі шараға депутаттар мен зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысып, кітаптың мазмұны мен маңыздылығына қатысты пікірлерін білдірді. Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұловтың бұл шығармасы 7 тараудан тұрады. Мұнда автор тәуелсіз мемлекетіміздің егемендік алмай тұрғандағы уақыттын бастап осы күнге дейін өткен қилы кезеңдеріндегі нақты оқиғаларды баяндап, Елбасының мемлекеттің негізін қалаушы ретіндегі тарихи рөлін ашады. «Сондықтан бұл кітап қалың оқырманға орнықты ой, дәйекті дерек, ұлағатты ұйғарым ұсынады», – дейді тұсаукесерге келгендер.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

- Оқырман қауымды, кітапсүйер қауымды осындай тамаша оқиғамен құттықтағым келеді. Бақытбек Смағұл осы кітапты жазуға нақты хақы бар азамат деп білемін. Өйткені өзі саясаттың ортасында қайнап жүрген азамат. Көзімен көрген нәрсе. Назарбаев тұлғасы – Тәуелсіз Қазақстан ұғымымен біртұтас ұғым. Тұңғыш Президент күні арқылы тәуелсіздігімізді бағамдай түсеміз. Осы орайда Бақытбек Смағұлдың жазған кітабы да оқырманның көңілінен орын табатын біраз түйткілді сауалдарына жауап беретін жақсы еңбек болды деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы