377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи туралы көркем фильм түсіріледі

  • 457
  • UPD: 21:16, 29.11.2018

Елбасының таяуда жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірыңғай шаралар жоспары қабылданады.

Бұл туралы бүгін Президент әкімшілігінің жетекшісі Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында мәлім болды. Жиында жаңа мақалада жарияланған жобалар жайы талқыланды. «Бұл бастамалар – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы. Сондықтан оларды жүзеге асыру ұлттық комиссияға жүктелген маңызды міндет», – деді Әсет Исекешев. Басқосуда жауапты тұлғалар баяндама жасап, мақала аясында қолға алынатын істерге тоқталды. Мәселен, Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи музейі бой көтеріп, тарихи тұлға жайлы көркем фильм түсіріледі. Сосын Әл-Фараби туралы анимациялық туынды жарық көреді. Бұдан бөлек, Ұлы даладағы ұлы тұлғалардың тізімі жасақталып, мұрағат мәліметтері түгенделуі тиіс.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық түркі академиясының президенті:

– Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры мақаласы – халықаралық жоба. Себебі ұлы даладан, Алтайдан тараған жалпы түркі әлемі генезисиясына қызығушылық танытқан ғалымдарды тарту, солардың да араласуымен анық дәлелденген еңбектер жазу айтылған болатын.

Бүркітбай Аяған, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

– Келесі маңызды мәселе –  қазіргі мәдениет саласындағы жұмыстарды жаңа деңгейге көтеру. Маған ұнағаны, жаңа технологияларды пайдалану арқылы Қазақстан мәдениетін әлемге шығару.

Ерлан Сыдықов, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры:

– Келер жылы әлемдік түркологтар конгресін өткізу – бұл осы үлкен Рухани жаңғыру бағытындағы іс-шаралардың ең шоқтығы деп түсіну керек.

Хабар 24 телеарнасы