369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ұлы даланың жеті қыры». Тарихымызды түгендеуге түрлі ұлт өкілдері атсалыспақ

  • 201
«Ұлы даланың жеті қыры». Тарихымызды түгендеуге түрлі ұлт өкілдері атсалыспақ

Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдігі Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жоспарын жасады.

Соған сай ассамблея мүшелері тарихи-археологиялық қозғалыс құрып, мектеп мұражайларын ұйымдастыруға жәрдемдеседі. Сосын өлкетану жұмыстарына атсалысады. Бұған қоса, халық ауыз әдебиетін жинау үшін аудандарға арнайы топтар аттандыру көзделген. Әзербайжан мен Арменияға ғылыми-іздестіру экспедициясын арнайы барады. «Ол жақта қазақ тарихына қатысты зерттелуі тиіс деректер көп», – дейді ассамблея басшылығы. 

Ғайса Қапақов, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары:

– Мысалы, Әзербайжанда Қазақ ауданы бар. Онда ата тегіміз, ұрпағымыз әлі де терең зерттелмеген. Сондықтан әрбір этнос өздерінің тарихи отанында зерттеулерге ғалымдардың баруына, жұмыс істеуіне нәтижелі болуына септігін тигізсе, ол ассамблеяның үлкен рөлі деп есептеймін.

Рафик Мамедов, Әзербайжан этномәдени бірлестігі басшысының орынбасары:

– Менің туған жерім – Әзербайжандағы Қазақ ауданы. Сосын Орал қаласына келдім. Қазақ халқының тарихы үлкен.

Осы категория бойынша: « Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи туралы көркем фильм түсіріледі Елордада актуалды реализмге арналған көрме ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы